Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қатты жел, көктайғақ, жаңбыр: 17 қарашада ауа-райы қандай болады?

17 қарашада ауа райы қандай болмақ?

Қатты жел, көктайғақ, жаңбыр: 17 қарашада ауа-райы қандай болады?
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 2023 жылы 17 қарашада, жұма күні еліміздегі ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және қатты жел болу ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды newsroom.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

"Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, жалпы республикамыз бойынша тұман, қатты жел көрініс табатыны айтылады.