Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қараша күні Астанадатүнде және таңертең тұман түседі,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күшін 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел күші 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсетіні болжанып отыр.
4-6 қараша күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетіп, тұман болады.