Қазгидромет 2 қарашада Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы