Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жоғалған 18 жастағы қыз даяшы болып жүрген жерінен табылды

Созақ ауданында 18 жасар қыз жоғалып кетті

Жоғалған 18 жастағы қыз даяшы болып жүрген жерінен табылды
фото: polisia.kz

Созақ ауданында 18 жасар қыз жоғалып кетіп, даяшы болып жүрген жерінен табылыпты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Онда қызының сағат 13:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткенін көрсеткен. Бойжеткеннің ата-анасы өз бетінше екі күн бойы іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған.

Содан соң полиция қызметкерлеріне арызданып, көмек сұраған. Полиция қызметкерлері бірден бойжеткен қызды іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, 400 км. орналасқан Жетісай қаласынан даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.

Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі: «Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Қызымызды аман-есен тауып алып келіп, қолымызға табыстады. Жұмыстары алға баса берсін,»- деп өз алғысын жеткізді.

Айта кетейік, адам жоғалуы қазіргі таңда жиілеп кетті. Ал, осы адам жоғалған кезде қандай әрекеттер жасау керек?

Адам жоғалып кеткен жағдайда, "102" нөміріне қоңырау шалып, полицияға немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарлауыңыз қажет.

Полицияға ұсыну маңызды болатын ақпарат, келесілер:

● жоғалған адамның жеке деректері -аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шаш түсі, мең, тыртық, дене әшекейі  сияқты ерекше белгілері;

● адам жоғалған кездегі жағдайлар туралы мәліметтер.

Егер әңгіме бала туралы болса, онда полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарласу керек.  Полиция  адамның болмауы ұзақтығына және оның болжамды жоғалып кетуі жеріне қарамастан өтінішті дереу қабылдауға және тіркеуге міндетті. 

Мұндай өтінішті беру үшін уақытша шектеулер жоқ.

Адам жоғалып кеткен сәттен бастап 3 күн өткеннен кейін ғана жүгінуге болады деп ойлау қате.Осы уақытта өзіндік   шағын-тергеу жүргізуді бастау керек — достарына, әріптестеріне хабарласу, адамның жақсы көретін орындарына бару,   жоғалған адам күн сайын пайдаланған маршрутпен жүріп өту және т. б. 

Хабар-ошарсыз жоғалған адамды өз бетінше қалай табуға болады?

● мамандандырылған интернет-сервистердің көмегімен іздеу;

● ерікті волонтер-отрядтарды   тарту;

● іздестіру туралы парақшаның макетін әзірлеу, әлеуметтік желілерде (қалалық пабликтер, мамандандырылған топтар) хабарламаны тез бөлісу туралы өтінішпен хабарландыру орналастыру;

● жергілікті БАҚ-қа іздестіру туралы жарнамалық жүгіртпе жолды немесе тіпті жаңалықтарда толық репортажды орналастыру туралы өтінішпен жүгіну;

● парақшаларды жабыстыру;

● мерзімді қоңырау шалу және мүмкіндігінше медициналық мекемелерге жеке бару;

● мәліметтерді зерттеу.

Адамның орналасқан жерін қосылған мобильді құрылғы арқылы анықтауға болады. Әрбір ұялы құрылғыда жеке IMEI код бар. IMEI кодты мұнда онлайн тексеруге болады:   IMEI тіркеуді тексеру сервисі.   Абоненттің орналасқан жері мәліметтер және қоңырауларды нақтылау -жеке ақпарат, сондықтан оларды арнайы СОТ рұқсатын алғаннан кейін алуға болады. Егер адам шетелде жүргенде жоғалса, жергілікті полицияға және дипломатиялық өкілдікке (елшілікке) жүгіну қажет. Елшілік жергілікті полиция жұмысын келіседі, жоғалған азаматтың туыстарымен байланыс жасайды, қажетті өтінішті жазу мен құжаттарды жинау кезінде көмек көрсетеді.