Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.
Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында саптық байқау болып өтті. Оған аудандық полиция бөлімінің бастығы Жасұлан Нысанбаев және бөлім бастығының орынбасарлары мен жеке құрамы толық қатысты.
Байқаудың мақсаты - жеке құрам арасында саптық дағдыны арттыруға, ықпал етеді. Өйткені полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметін лайықты атқару үшін үнемі ұқыпты және жинақы болуы тиіс.
Тексеру барысында полиция подполковнигі мен оның орынбасарлары полиция қызметкерлерінің жеке куәлігін, саптық жүрісі мен жетон нөмірлерін, сондай-ақ нысанды киімнің сәйкестігін жіті тексерді. Саптық байқау соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерудің алдында сап түзеп, саптық қадамды көрсетті.
Айта кету керек, саптық байқауларды өткізу бөлімшелердегі тәртіп пен заңдылықты қолдайды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.