weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада белгісіз вирус тарап жатыр:  дене қызуы бірнеше аптаға созылуда

newsroom.kz ұсынады

Астана тұрғындары арасында белгісіз вирус тарап жатқаны туралы хабарламалар көбейді. Қала тұрғындарының айтуынша, ересектерде дене қызуы бірнеше күн бойы түспей тұрса, балаларда тіпті апталап сақталып отыр.

Астанада белгісіз вирус тарап жатыр:  дене қызуы бірнеше аптаға созылуда
Фото: super.kg

Көптеген шағымдарға қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі аурушаңдықтың күрт өсуі байқалмағанын мәлімдеді. Ведомство дерегінше, қазіргі жағдай былтырғы осы кезеңмен шамалас.

Мамандар елордалықтарға адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуды, медициналық бетперде тағуды, сондай-ақ ауырып жүрген балаларды мектеп пен балабақшаға жібермеуді ұсынды.

Сонымен қатар, қыркүйектің 23-інен бастап елордада маусымдық тұмауға қарсы вакцинация басталған.