Сарыағашта жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында акция өтті

Мұрат Тапанұлы тұрғындарға акция өткізді

фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында акция өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Азаматтарға жол көлік оқиғаларының алдын алу, мас күйінде көлікке отырмау, сақтық шараларын ескеру мақсатында облыс көлемінде жүргізіліп жатқан акция Сарыағаш қаласында өтті.

Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Талапұлының бастамасымен өткізіліп жатқан бұл шара облыстың барлық аудан қалаларын қамтитын болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады.

Жалпы аудан көлемінде жылдан-жылға жол-көлік оқиғаларының саны азаймауда (2021 ж. – 34; 2022 ж. – 29). Оның салдарынан, жыл сайын 10-нан аса адам өлімдері (21/ 12) орын алып, 50-ден аса адамдар дене жарақаттар алған (71/58).

Сонымен қатар, жолдарда ауыл шаруашылық жануарларын қағу фактілері де аз емес (15/15).

Жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде адам өлімдерінің басым бөлігі «Алматы – Өскемен» республикалық автомобиль жолының бойында (Сағабүйен мен Қызылағаш ауылдарының арасы) орын алады (24 (70,5%); 22 (75,8%).

Оқиғалардың басым бөлігі негізінен жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтамаудың, олардың заңға мойынсынушылық мінез-құлықтарының қалыптаспауының, зейінсіз болуының, ішімдік ішіп жолға шығу және жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі, ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жабындысының дұрыс болмауының және автомобиль жолдарына малдың шығып кетуінің салдарынан орын алған.

Жол-көлік оқиғасын қалай азайтуға болады? Мамандар максималды жылдамдықты 5 пайызға азайтқан жағдайда адам шығыны 30 % кемитінін айтады.   Ал мектептер мен тұрғын үйлердің маңында 20 км/с-қа дейін азайту қажет. Алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін қолдану адам шығынын 50 % азайтатынын зерттеулер дәлелдеген. Ал артқы орындықта қауіпсіздік белдігін тағу кісі өлімін 75 % дейін болдырмайды. Сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіздік құрылғылары балалардың жол-көлік оқиғасынан қаза табуын 54-80 % деңгейде болдырмайды.

Жүктелуде...