Мектепте 39 бала мен мұғалімдер уланып қалыпты

Уланудың себебі айтылмады

фото: inbusiness.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының орта мектебінде 29 бала мен 10 педагог уланып ұалған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы өңірдің білім басқармасына сілтеме жасап.

"Дүйсенбіде мектеп оқушылары мен мұғалімдері өздерін нашар сезінді, мектеп медбикесі барлығын тексеріп, жедел жәрдем шақырды. 29 бала мен 10 мұғалім ауруханаға жеткізілді. 29 бала мен сегіз мұғалімнің жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды үйге жіберді. Екі мұғалім ауруханада жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысының білім басқармасы.

Оқыс оқиғадан кейін мектеп оқушылары үш күнге Қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Аудандық прокуратура тексеруді бастап кетті.

"Мектеп директоры мен оның орынбасарларына қатысты тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады білім басқармасы. Уланудың себебі неден екендігі туралы хабарланбады.
 

Жүктелуде...