Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында акция өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Қазығұрт ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік жүргізушілеріне жолда барынша абай болу, жол ережесін қатаң сақтауды ескерту мақсатында акция өткізілді. Бұл акция Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі. Акция облыстағы барлық аудан қалаларда өткізіліп, тұрғындарға жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында ескертулер жасайды.
Осы тұста, полиция департаменті тұрғындарға ескерту жариялады.
"Абай болайық, ағайын! Көлік басқарып келе жатқанда қас қағым сәттің өзі үлкен қасірет алып келетінін естен шығармайық!"
Айта кетейік, қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады.
Жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде адам өлімдерінің басым бөлігі «Алматы – Өскемен» республикалық автомобиль жолының бойында (Сағабүйен мен Қызылағаш ауылдарының арасы) орын алады (24 (70,5%); 22 (75,8%).
Оқиғалардың басым бөлігі негізінен жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтамаудың, олардың заңға мойынсынушылық мінез-құлықтарының қалыптаспауының, зейінсіз болуының, ішімдік ішіп жолға шығу және жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі, ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жабындысының дұрыс болмауының және автомобиль жолдарына малдың шығып кетуінің салдарынан орын алған.
Жол-көлік оқиғасын қалай азайтуға болады? Мамандар максималды жылдамдықты 5 пайызға азайтқан жағдайда адам шығыны 30 % кемитінін айтады. Ал мектептер мен тұрғын үйлердің маңында 20 км/с-қа дейін азайту қажет. Алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін қолдану адам шығынын 50 % азайтатынын зерттеулер дәлелдеген. Ал артқы орындықта қауіпсіздік белдігін тағу кісі өлімін 75 % дейін болдырмайды. Сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіздік құрылғылары балалардың жол-көлік оқиғасынан қаза табуын 54-80 % деңгейде болдырмайды.