Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткіні тарату, болашақ ұрпақтың әл – ауқатына үлкен қауіп төндіреді. Ал есірткісіз қоғам құру-Қазақстанның әрбір азаматының алдында тұрған міндет. Осы бағытта полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен басқа тиісті мекеме өкілдерімен бірлесіп, Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Мұнда жастарға есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына зияны туралы айтылды.

Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді
фото: түркістан облысы баспасөз қызметі

Нашақорлық мәселесіне назар аудару, жастардың есірткіге теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқу орындарының білімгерлеріне түсіндіру жұмыстары мен кездесулерді өткізіп келеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткіні тарату, болашақ ұрпақтың әл – ауқатына үлкен қауіп төндіреді. Ал есірткісіз қоғам құру-Қазақстанның әрбір азаматының алдында тұрған міндет. Осы бағытта полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен басқа тиісті мекеме өкілдерімен бірлесіп, Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Мұнда жастарға есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына зияны туралы айтылды.

Сондай-ақ, есірткі құралдарын, оның ішінде "синтетикалық" заттарды заңсыз сақтау мен өткізуге байланысты қылмыстардың құқықтық салдары туралы жеткізілді. Шара барысында жиналғандар есірткіні қолдануға теріс көзқарастарын білдіріп, нашақорлық-қорқынышты індет деген пікірлерін білдірді. Жастарға нашақорлықтың зияны туралы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында полицейлер мен мамандар жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, ал студенттер танымдық іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға бағыттайтынын жеткізді.