weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда ерекше жандарға арналған кеңес құрылады

Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелерін тұрақты қарастыратын арнайы кеңес құру ұсынылды. Бұл бастаманы облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Шексіз әлем – тең қоғам» атты іс-шарада көтерді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды 

Түркістанда ерекше жандарға арналған кеңес құрылады
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында ерекше жандардың құқықтарын қорғау, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі қарастырып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ететін кеңес құрудың маңызын атап өтті. Қатысушылар бұл бастаманы қолдады.

Өңірде оңалту және техникалық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 1 553 адам оңалту шараларынан өтіп, 18 916 азамат санаторийлік-курорттық емделуге жолданған. Сонымен қатар мыңдаған адам протездік және өзге де қажетті құралдармен қамтылған.

Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, өнерпаздар мен паралимпиада чемпиондары өз өнерлерін ортаға салды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер