Ағымдағы жылдың басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында Отырар ауданына 18 көрсеткіш бектіліп берілген. Бұл туралы Отырар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздықтан сұрап білдік, деп хабарлайды newsroom.kz.
Аталған көрсеткіштердің қаңтар-тамыз айларында «бір алқаптан 2-3 өнім алу», тамшылатып суғару, жылыжай салу және қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жобалары толығымен орындалып отыр. Атап айтқанда:
- Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 39,1 миллиард теңге болса, қаңтар-тамыз айларындағы статистикалық мәліметке сай 17,6 миллиард (НКИ 91,7 %) теңге болып, 45,0 пайызды құрады. Оның ішінде:
Өсімдік шаруашылығы: 6,1 миллиард теңге.
Мал шаруашылығы: 11,5 миллиард теңге.
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған ивестициялар жоспары 3,7 миллиард теңге болса, орындалуы — 1,5 миллиард теңге (39,6 пайыз).
- Тамақ өндірісіне салынған ивестициялар жоспары — 460,4 миллион теңге, орындалуы — 158,0 миллион теңге немесе 34,3 пайыз. Аталған көрсеткішті Аққұм, Қарақоңыр, Маяқұм, Талапты, Темір ауыл округтері жоспарды мүлдем орындамаған.
- Егіс көлемін ұлғайту бойынша 36 246 гектар жерге егіс егу жоспарланса, орындалуы — 33 440 гектар немесе 92,3 пайыз. (Жоспардың орындалмау себебі, Аққұм ауыл округіне қарасты «Аққұм» ЖШС-нің (Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық іс жүргізуіне байланысты 5000 гектар егіс алқабының 2 200 гектар жері игерілмеген) егістік алқабын толық игермеуінен, сонымен қатар ағын су тапшылығына байланысты Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің 600 гектар егістік алқаптарының игерілмеуінен жоспар толық орындалмаған).
- «Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы» бойынша 230,0 гектар жерді игеру жоспарланса, жоспар барлық ауыл округінде 100 пайызға толығымен орындалған.
- Тамшылатып суғару әдісін ендіруге 425 гектар жоспарланып, орындалуы — 435 гектар немесе 102,4 пайыз. Жоспарды Көксарай, Маяқұм, Отырар ауыл округтері мүлдем орындамаған.
- Жаңбырлатып суғару әдісін енгізуге 770 гектар жоспарланса, орындалуы — 280 гектар, 36,4 пайыз. Жоспарды тек Ақтөбе, Қарақоңыр, Шілік ауыл округі ғана орындаса, қалған ауыл округтерінде бұл бағыт бойынша бірде-бір жоба іске аспаған.
- Жылыжай кешенін салу 4,3 гектарға жоспарланса, орындалуы — 100,0 пайыз.
- Қарқынды бау шаруашылығын дамыту үшін 126 гектар жер жоспарланса, жоспар 132,5 гектарға орындалып, 105,2 пайызға артқан.
- Ауыл шаруашылығы техникаларының 92 бірлігін жаңалау жоспарланса, орындалуы — 47 бірлік немесе 51,1 пайыз. Аққұм, Темір ауыл округтерінде бірде-бір жаңа техника алынбаған.
- Отбасылық құс фермаларын құру бойынша 25 жоба берілсе, орындалуы — 20 жоба немесе 80 пайыз.
- Жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу. (1 дана Отырар ауылдық округінде салынған).
- Жаңа ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенін (АШӨК) құру — 4 бірлік, орындалуы — 100 пайыз.
- Құс етін өндіру жоспары — 50 мың тонна, орындалуы — 7 мың тонна, 14 пайыз.
- Мал бастарын ұлғайту бойынша: Мүйізді ірі қара жоспары — 64 700 бас, орындалуы — 66 452 бас (102,7 пайыз).
Уақ мал — 379 000 бас, орындалуы — 379 300 бас (100,1 пайыз).
Жылқы жоспары — 19 000 бас, орындалуы — 20 604 бас (108,4 пайыз).
Түйе жоспары — 11 005 бас, орындалуы — 10 384 бас (94,0 пайыз).
Құс жоспары — 80 500 бас, орындалуы — 53 918 бас (67,0 пайыз).
- Өндірілген өнім бойынша: Ет жоспары — 10 100 тонна, орындалуы — 5 505 тонна (Өткен жылдың тиісті кезеңі — 5439,7 тонна, 101,2 пайыз).
Сүт жоспары — 27 100 тонна, орындалуы — 18 272,9 тонна (Өткен жылдың тиісті кезеңі — 17 602,4 тонна, 103,8 пайыз).
Жұмыртқа жоспары — 8 100 дана, орындалуы — 2 658 дана (Өткен жылдың тиісті кезеңі — 3 754 тонна, 70,8 пайыз).
- Жыл басынан бері 2 көрсеткіш мүлдем орындалмаған Олар: «Жүзім шаруашылығын дамыту» — 23,7 гектар.
Тері, жүн өңдеу цехтары мен кәсіпорындарын ашу (1 дана).
Қаңтар-тамыз айларындағы мәлімет бойынша, жалпы 18 көрсеткіштің 5 көрсеткіші толық орындалса, 3 көрсеткіш орындалмай қалу қаупі алдында тұр. Қалған көрсеткіштер жыл соңына дейін толық орындалады деп жоспарлануда.
2024 жылға дайындалатын мал азығының жоспары 283,3 мың тонна болса, қазіргі таңда орындалуы — 247,8 мың тонна немесе 87,5 пайыз. Атап айтқанда:
— Жоңышқа — 113,7 мың тонна.
- Табиғи шөп – 113,3 мың тонна.
- Сүрлем жүгері – 16,9 мың тонна.
- Сабан – 3,9 мың тонна.
Жүгері паясының есебінен 40,0 мың тоннаға жуық өнім жиналып, жалпы мал азығының көлемін 103,0 пайызға жеткізу жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан бойынша несие алуға 4 ауыл округінен 258 адам ниет білдіріп, төрт кооперативке мүшелікке кірген. (Оның ішінде Балтакөл ауыл округі — 80, Қарғалы ауыл округі — 75, Ақтөбе ауыл округі — 53, Маяқұм ауыл округі — 50).
Бүгінгі таңға сол ниет білдірушілерден 160 адамның құжаттары жинақталып, «Ырыс» МҚҰ-на өткізілді, оның ішінде:
- 103 (Балтакөл — 36, Қарғалы — 32, Маяқұм — 30, Ақтөбе — 5) құжат несие комитетінде қаралып, 543,4 миллион теңгеге мақұлданды;
Оның ішінде 91 құжат қаржыландырылды, 473,7 миллион теңге.
- 23 құжат кері қайтарылған, 87,5 миллион теңге;
- 16 құжат несие комитеті отырысын күтуде, құны — 144,9 миллион теңге.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы әзірленген болатын. Тұжырымдама аясында 2027 жылға дейін жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту міндеттері қарастырылған.
– Ауыл шаруашылығы — Түркістан өңірінің экономикасының негізгі және жетекші саласы. Бұлай дейтін өз жайы бар. Сондықтан Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы біз үшін өте маңызды. Оны жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек. Мақсат – нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға тиімді бағытталуын қатаң қадағалау маңызды, – деген болатын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.