Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасын анықтады. Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру барысында 26 жастағы құқық бұзушы анықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтамаған азамат ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, айналадағы өзге азаматтарға құрметпен қарауға және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.