Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Аймақтар

«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: 1 млн теңгені алаяқтықпен алған

Павлодарда 1 млн теңгені алаяқтықпен алған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды newsroom.kz

«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: 1 млн теңгені алаяқтықпен алған
Фото: polisia.kz

Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған. Polisia.kz мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді. Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында 1872 киберқылмыс тіркелген.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату