Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қаржы

Қыста не киеміз? Аяқ киім әжептеуір қымбаттапты

Елде аяқ киім бағасы өсті

Қыста не киеміз? Аяқ киім әжептеуір қымбаттапты
фото: qazreiting

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабаралайды.

2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде спорттық, ортопедиялық аяқ киімдерді қоспағанда былғары аяқ киім өндірісі 1,2 млн жұпты құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% артық. 

Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде жүннен басылған және фетр аяқ киім өндірісі 2 есеге жуық қысқарып, 17,5 мың жұпқа дейін төмендеді.

Импорт тиісінше 96,9%-ды құрады, ал былтырғымен салыстырғанда импорт көлемі 37,4% өсіп, 2023 жылғы қаңтар–тамызда 33,5 млн жұпқа жетті.

Ішкі нарықтағы сату көлемі де айтарлықтай өсті: 35,3%, 34,1 млн жұпқа дейін. Экспорт және реэкспорт 414,4 мың жұпты құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда бірден 5,4 есе көп.

Биыл қазанның соңында етік, кебіс және басқа да аяқ киім бағасы бір жыл ішінде 13,2% өсті. Салыстыру үшін: 2022 жылдың қазан айында бағаның жылдық өсімі 16,6% болды.
ҚР өңірлерінің ішінде етік, кебіс және басқа да аяқ киім бағасының айтарлықтай өсуі Маңғыстау облысында байқалды: 22,1%. Одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары: тиісінше 20% және 17,3%. Бағаның ең аз өсуі Жетісу облысында тіркелді: 4,6%. Одан кейінгі орында Ақмола және Ұлытау облыстары: тиісінше 6% және 6,9%.