Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Неліктен? Қазақстан ажырасудан әлемде 16-шы орында

Еліміз неге ажырасудан әлемде алдыңғы орындардың бірінде?

Неліктен? Қазақстан ажырасудан әлемде 16-шы орында
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың жұп неке қиыпты. Былтырғыдан 2,2% аз бұл көрсеткіштегі некелердің көбі ауылдық жерде қиылған көрінеді. Атап айтсақ, қалаларда қиылған неке саны бір жылда 35,5 мыңға дейін 16,7% төмендесе, ауылдарда бірден 47,4%, 18,4 мыңға дейін өсті.

Ал, ажырасу деңгейі бойынша ауылдық жер тұрғындары көш бастап тұр. Алты айда ажырасу саны 8,2 мыңды құраған, бұл былтырғыдан 9% аз.
Қалаларда ажырасу бір жылда 14,8%, 6 мыңға дейін азайып, ауылдарда 12,6%, 2,1 мыңға дейін өскен көрінеді.

Еліміздегі ең көп неке қиятын өңірлердің көшін Алматы бастап тұр. Дәлірек айтқанда, 5,7 мың неке заңдастырылған.

Неке көп қиятындар үштігіне Түркістан облысы және Астана кіріпті. Ал, ең аз неке Ұлытау облысында 663 некемен тіркелген.

Тіркелген ажырасулар саны бойынша да Алматы көш бастап тұр: 1,1 мың — бір жыл бұрынғыдан 10,4% азайған. Одан кейін Астана (734) мен Қарағанды облысы (723). Ең аз ажырасу Ұлытау облысында: 102.

Өңірлер бойынша ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында, ең төмені Түркістан облысында.

Wisevoter мәліметінше, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде 114 елдің ішінде 16-орынды алады екен.

ТМД елдері арасында ажырасудан Ресей 3-орында, ал, Молдова 4 - орында, Беларусь 5-орын және Украина 9 орында тұр. 

Ең көп ажырасу Мальдив аралдары, Гуам және Ресейде, ең азы Вьетнам, Шри-Ланка және Перуде.