weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде ажыраспас бұрын медиатормен сөйлесу міндеттелмек

Ресейде ажырасуға ниетті ерлі-зайыптылар үшін міндетті медиация рәсімі енгізілуі мүмкін. Жаңа бастамаға сәйкес, жұптар сотқа жүгінбес бұрын медиатормен міндетті түрде кездесуі тиіс. Бұл әсіресе кәмелетке толмаған балалар қатысатын істерде қолданылмақ.

Ресейде ажыраспас бұрын медиатормен сөйлесу міндеттелмек
Фото: rg.ru

Сонымен қатар медиаторлардың бірыңғай тізілімі құрылып, бұл саланы реттейтін уәкілетті федералдық орган айқындалады.

Айта кетейік, Ресейде медиация туралы заң 2011 жылдан бері қолданыста. Қазіргі таңда медиатордың көмегіне жүгіну азаматтық, әкімшілік, еңбек, экономикалық және отбасылық дауларды шешу үшін мүмкін, алайда бұл рәсім ерікті түрде жүргізіледі және оның шығынын тараптар өздері төлейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→