Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Астанаға келді, деп хабарлайды newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Елордалық әуежайда оны Премьер-Министр Әлихан Смайылов қарсы алды.
Шавкат Мирзиеев Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Венгрия және Түркіменстан басшыларымен бірге түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.