Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Топ-5: Қазақстандағы визит-орталықтар

Қазақстанның Ұлттық саябақтарындағы ең көп баратын визит-орталықтар

Топ-5: Қазақстандағы визит-орталықтар
Фото: ognialatau.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы статистика бойынша, Алматы облысындағы «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалындағы «Turgensai» және «Аюсай» туристік визит-орталықтарына еліміз бойынша ең көп саяхатшы келген. Алғашқы алты айда бұл орталыққа 258 632 адам саяхаттаған.

Екінші орынға алты айда 49 332 келушілердіжинаған Алматы облысының Шарын каньонындағы «Sharyn» визит орталығы жайғасты.

Ал үшінші сатыға Ақмола облысының Зеренді қаласындағы визит-орталық тұрақтады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында орталық 11 709 адамды қабылдаған.

Сондай-ақ Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығының сапар орталығына 7 мыңнан астам адам барса, Алматы облысының  Алтын емел ұлттық саябағындағы «Алтын Емел» орталығына 6 мыңнан астам адам келген.

«Ұлттық парктердегі визит-орталықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы алаңының 5 пайызынан аспайды және экологияға зиян келтірмей жұмыс істейді. Туристерге орналасу орны және келу ережелері туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ тамақтану және уақытша орналастыру қызметтері көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай нысандарғасұраныс артып келеді», - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.