Сұмдық! 300 келіге жуық есірткі тәркіленді

Халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды

Фото: ҰҚК

Қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

"Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды", -делінген хабарламада.

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ "синтетика" жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленген.

Жүктелуде...