Бетон жолдан бәле тапты: белгілі журналист 6900 тг айыппұл арқалады

Диас Нұрқан не үшін айыппұл арқалады?

фото: adyrna.kz

Бетон жолдың жігіндегі пенопластты алып тастағаным үшін айыппұл арқаладым – деп әлеуметтік желіге ашына пост жазған танымал журналист Диас Нұрақын Алматы облысының Полиция Департаментінің фейсбук желісіндегі парақшасын да тегтеп кеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz.

  
- Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру... деген бап бойынша 6900 теңге айыппұл салды. Бірақ хаттамаға "келіспеймін" деп жазып, қол қойып бердім. Өйткені біржапырақ пенопласт жол жабындысына да техникалық құралға да жатпайды. Десе де полицейлер даулы видеоны көре тұра, менің емес Мехметтің жазған арызына сүйеніп, хаттама толтырды.  Мойын жуан. Бұл айыппұлды қазір-ақ төлей салуға болар еді. Бірақ 120 млрд теңге жұмсалған бетон жолдың былығын ашқаным үшін мені "жазалап жатқандарын" түсіне алмадым – дейді Д.Нұрақын өз жазбасында. 
 
- Себебі супер-пупер технологиямен салынған бетонкада пенопласт деген атымен болмауы керек. Мұны 30-40 жыл жол саласында жұмыс істеген ардагерлер мен сарапшылардан сұрап білдім. Бәрі бірауыздан деформациялық шовтың ортасына пенопласт салуға болмайтынын айтты. Себебі бетон плита ары-бері жылжығанда оны реттеп тұратын резина (жгут) болуы тиіс екен. Ал пенопласт бетон қысылғанда жаншылып, үгітіліп кетеді дейді. Бірақ бұны ашып айтуға ақсақалдарымыздың бәрі қорқады екен.  Өйткені "ҚазАвтоЖолдан" мереке сайын марапат, азын-аулақ сый-сияпат, кейбірі сарапшы ретінде нәпақа тауып отырғасын ашық айтуға жүрексінеді. Бір сөзбен айтқанда "ҚазАвтоЖол" "бәрін байлап", "мұрттарын майлап" жол саласын билеп-төстеп алған. 
Мұндай монополистпен тек қарапайым халық қана күресуге қауқарлы – дейді ол. 

- Сондықтан өз ауылыңызда, ауданда, қалада, трассада ойылған, шұрық-тесік, "гармошка" болып кеткен сапасыз жол көрсеңіз, суретке түсіріп, АО "НК "ҚазАвтоЖол"  және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі  деген парақшаларды белгілеп, "#БізгеЖақсыЖолКерек" деген хештегпен пост салайық. Халықтың салығы мақсатты жұмсалуы тиіс. Оны талап етуге толық құқымыз бар – деп Үндеу жариялаған белгілі журналисттің жазбасы желіде қызу талқыланып жатыр. 

P.S. Былтыр 4% автонесиенің түбіне жеткем. Біраз былықтарын ашқам. Биылғы ісім "ҚазАвтоЖолмен" болады. Автосарапшыдан, жолтанушыға айналамын енді – деген Диас Нұрақынға желі қолданушылары Тәуелсіз сарапшылар жоқ па екен?, Сен енді оларды сотқа бер, Монополия ғой. Прецедент ретінде аяғына дейін жеткізу керек. Аппеляция беріп. Жол құрылысы стандарттары туралы тиісті түсініктеме беруге құлқы жоқ, арыз жазуға уақыт табады. Монополия құрысын!! – деген пікірлер қалдырған.

Жүктелуде...