Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Шоубиз

Қайраттың анасы келіні туралы шындықты айтты

Гүлзира Айдарбекова Мақпал Қаратайға берген сұхбатында келіні туралы айтты

Қайраттың анасы келіні туралы шындықты айтты
фото: инстаграм желісінен

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жақында ғана шаңырақ көтерген ұлы Заңғар Нұртастың жеке өмірі туралы журналист Мақпал Қаратайға берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Заңғар ажырасқанда қатты қиналдым. Менің енелік қасиетім дұрыс болмағасын кетіп қалды деп ойладым. Гүлекенің келіні кетіп қалды деген сөз ауыр тиді. Бірақ, олай емес болды. Ол менің баламның өмірлік жары. Оның іздеген әлемі бөлек. Оны менде, балам да, өзі де түсінді. Жай ғана бөлінгенін қаладық. Арада бала жоқ. Бір немерем болса айырмай алып қалар едім, бірақ немере болмағасын солай болғанын қаладық",- деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұнымен қоса, Гүлзира Айдарбекова келіннің қандай болуы керектігін де айтты.

"Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді. Бұл келінге де қатысты айтылады. Келін болған қыз осы жерге көндігем деп келуі керек. Ол сенің тәрбиеге бағынғысы келмейді. Неге келді онда біздің үйге деп ойлайсың. Егер келін жақсы болып кететін болса ол сенің үйіңнің шамшырағы. Балаң жаман болса да, келінің жақсы болуы керек."