Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шардарада әкесін ұрып-соққан ұлы мен келіні қалай жазаланады?

Жақында Түркістан облысында ер адамның өз қарт әкесін ұрып өлтіргені қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сондай-ақ, қоғамда оның үстінен қозғалған қылмыстық іске көңілтолмаушылық та байқалған. Бүгін оның жұбайына қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментімен байланысып, хабар алдық.

Шардарада әкесін ұрып-соққан ұлы мен келіні қалай жазаланады?

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қарияның ұлы қол көтерген сәт анық көрінеді. Ақсақалдың беті қанға боялып, орнынан тұра алмай қалған. Сол кезде баласы әйелін шақырып, екеуі қарт кісіні сүйреп әкеткен. Видеоны көршісі жасырын түсіргені айтылды.

Полицияның мәліметінше, әкесінің өлімінен кейін ұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі ("Ауыр жарақат салу, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелу") бойынша іс қозғалып, ол қамауға алынды.

Сонымен қатар күдіктінің жұбайына да тергеу жүргізілуде. Оған қатысты іс ҚК-нің 109-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы ("Көрінеу дәрменсіз жағдайда болған адамға қол жұмсауға жол беру") бойынша тіркелген.

– Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қажетті сараптамалар жүргізіліп, қылмыстық іске қатысы бар адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД.

Полицияның айтуынша, марқұмның өзі немесе жақындары бұған дейін зорлық-зомбылық деректері бойынша ешқашан арызданбаған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату