Құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз үйінен алтын әшекейлер мен қомақты қаражаттың жоғалғанын мәлімдеген.
Жедел іздестіру барысында оқиғаның мән-жайы анықталды. Тергеу нәтижесінде ұрлыққа жәбірленушінің келіні қатысы бары белгілі болды. Алдын ала деректерге сәйкес, ол мамыр айынан бастап енесінің үйінен алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны біртіндеп алып отырған.
Күдікті алтын әшекейлерді ломбардтарға өткізіп, түскен қаржыны құмар ойындарға жұмсаған. Келтірілген жалпы шығын 8,5 миллион теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.