Дайындалайық! Каспий Жұма келе жатыр!

Жалпыхалықтың тиімді сатып алу мерекесі, қаншалықты тиімді?

фото: kaspi.kz

3, 4 және 5 қарашада Каспий Жұма атты бірегей акция өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл күндері Kaspi.kz-тің хабарлауынша, қысқы шиналар, жылы киім, үйге арналған климаттық техника, қысқы спортқа арналған тауарлар мен басқа да заттарды еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады.

Күзгі Kaspi Жұмаға Adidas, EuroMebel, Intertop, Invictus Fitnes, Lucente, KIMEX, Кама-Орталық, Қазақювелир, Мечта, Mon Amie, Marwin, Nike, Pandora, RESPECT, Sulpak, Technodom, 12 МЕСЯЦЕВ, Zeta сияқты танымал брендтер және басқа да көптеген дүкендер қатысады.

Айта кетейік, Kaspi Жұма – қазақстандық шағын және орта бизнес компаниялары үшін маңызды мереке. Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі кезінде кәсіпкерлердің сату көлемі бірнеше есеге артады, ол еліміздегі кәсіпкерлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына көмектеседі.

Жүктелуде...