weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысында 10 жасар қызды зорлаған

Жамбыл ауданында 10 жастағы бүлдіршінді зорлаған

Алматы облысында 10 жасар қызды зорлаған
фото: tengrinews.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"17 қазанда Жамбыл ауданының ПБ-де 2013 жылы туған кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Зорлады деген күдік бойынша 1963 жылы туған К. азаматы анықталып, ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Іс материалдары "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасына санкция беру үшін сотқа жіберілді. Істі тергеу барысын Алматы облысы ПД бастығы бақылауға алды.