Оқиға 21 қыркүйекте тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Куәгерлер көшеден айқай-шуды естіп, сыртқа шыққанда қыздың жерде қансырап жатқанын көрген. Тұрғындар оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бен ер адам арасында жанжал болған. Бірқатар дереккөз күдіктінің марқұмның бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін жазды. Полиция қыз бен күдіктінің бұрын таныс болғанын растаған, алайда олардың қарым-қатынасының сипатын нақтыламады.
Оқиғадан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол жақын маңдағы үйлердің бірінің қоршауынан асып кеткен. Алайда полиция оны көп ұзамай ұстаған. Күдікті — 24 жастағы жергілікті тұрғын. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция бұл факті бойынша 21 қыркүйекте адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Марқұм жергілікті колледждің үшінші курсында оқыған. Оқу орнының өкілдері оның жақсы оқып, колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласқанын айтқан.
Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.