21-22 қазан күндері Астанада қандай шаралар өтеді?

Жылы киініп, демалыс күнімізді көңілді өткізейік

Фото: baigenews.kz

Отбасыңызбен және достарыңызбен бос уақытыңызды көңілді өткізу үшін қайда баруға болады? Алдағы демалыс күндері Астанада өтетін ең қызықты іс-шаралар жоспарын newsroom.kz порталы sxodim.astana парақшасына сілтеме жасап ұсынады. 

22 қазан күні достық 19-да сағат 14:00 де балаларға арналған "қауіпсіз балалық шақ" атты ертеңгілік өтеді. Кіру тегін.

22 қазанда EXPO конференц залында сағат 12:00-де Unknown talks өтеді. Спикерлер: Ж.Абдукаримова, Ә.Әшім, М.Арзаман, Ө.Кенжебек, С.Керімбай. Кіру тегін.

21 қазан күні сағат 19:00-де Қазмедиа киноконцерт залында Runwayshow Kazakhstan сән көрсетілімі өтеді. Кіру 10000 тг.

21-22 қазан күндері Жастар сарайында сағат 11:00,14:00, 17:00-де "Синий трактор" балаларға арналған музыкалық шоу өтеді. Кіру 6000 тг.

Демалыс күндеріңізге сәттілік!

Жүктелуде...