Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың ажырасуына не себеп болғанын хабарлайды newsroom.kz порталы nur.kz сілтеме жасап. OZMZғой бағдарламасына келген әнші үш жылдық тұрмыстық өмірі жайлы баяндап берді. Бұған дейін ресми түрде ажырасқандарын айтқан.
Өнер иесі:
"Бұл шешімді өзім қабылдадым. Өмірлік құндылықтарымыз сай келмеді. Жахан өте ақкөңіл, досқа адал жан. Мінезіміз сай келмеді. Бір-бірімізді түсіну қиын болды. Әзірге тек осы нәрсені ғана айта аламын. Мені ешкім қинаған жоқ. Осы үш жылдық тұрмыста есейдім деп айтсам болады. Сөйтіп, өз шешімім осы болды. Ажырасқанымызға төртінші ай өтіп жатыр. Басында қатты қиын кезең болды. Өте үлкен күйзеліс болды” - деді.