“Несиесін төлей алмаған 74 жастағы зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болды” - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Aikyn.kz сілтеме жасап. Ақпараттың рас екенін полиция қызметкерлері растады. Сондай-ақ әйелдің сол жақ білегі тілінгенін мәлімдеді. ҚР ҚК 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге оқталу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстық департаменттің бақылауына алынған.
Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
"Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаторлық емдеу ұсынылды. Қалалық полиция қызметкерлері жарақаттың себебі мен барлық мән-жайды анықтап жатыр", – деді.