Облыс тұрғыны еңбек кітапшасын жоғалтып алған, соның салдарынан ол 1988 жылдан 1998 жылға дейін жұмыс істеген кәсіпорындағы еңбек өтілі есепке алынбай, өзіне ең төменгі зейнетақы тағайындалған.
Уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінгенімен, нәтиже болмаған соң азамат сотқа шағымданған. Ол зейнетақы мөлшерін арттыру үшін заңды маңызы бар фактіні анықтауды сұраған. Өз уәждерін ол сотта анықтамалармен және сол кезеңде бірге жұмыс істеген екі куәгердің айғақтарымен дәлелдеді.
"Сот азаматтың еңбек өтілін өзге жолмен анықтау мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келді, себебі ол жұмыс істеген мекеме таратылған. Сот азаматтың 10 жыл бойы кәсіпорында жұмыс істегенін растап, оның өтінішін қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енді», — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.