Шахтерлер 55 жасында зейнетке шығуы үшін не істеуі керек?

“Барлығы шахтердің зейнетақы қорында қанша қаржы жиналғанына байланысты болады. “

Фото: gazeta.ru

Үкімет отырысында Светлана Жақыпова шахтерлер зейнетке шығуы үшін зейнетақы қорындағы аударымдар 7 жыл бойы тоқтамауы керектігін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы orda.kz-ке сілтеме жасап. Ал, жалпы қорда қанша қаражат жиналуы қажеттігін министр хабарламады.

“Барлығы шахтердің зейнетақы қорында қанша қаржы жиналғанына байланысты болады. Жалпы аударымдар 84 ай бойы тұрақты жүріп тұруы керек. Бұл санатқа 46 мың адам кіреді. Бірақ, олар екі басты критерийге сай болуы керек: үміткер жасы 55 жасты құрап, зейнетақы қорына тұрақты түрде аударымда түсіп отыруы тиіс”,- деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Светлана Жақыпова ведомство әлі тиісілі есептерді жүргізіп жатқанын айтты. Бұл бұйрықты жүзеге асыру үшін сақтандыру компаниялары мен республика бюджеті қарастырылатын көрінеді. Жалпы бюджет қоры алдағы 3 айға 45 млрд теңгені құрамақ.

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасы мүшелерімен кездесуі барысында кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Қазақстан" шахтасында 17 тамызда болған өрт салдарынан 5 адам қаза тапқан.

 

 

Жүктелуде...