Бұл туралы newsroom.kz порталы ҚР туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды.
Қазақстан үшін бұл медаль ағымдағы Азиадада 66-шы және тоғызыншы алтын болды. Сондай-ақ, ел активінде 16 күміс және 41 қола жүлде бар.