Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесті. Матчта Путинцева 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп, финалға өте алмады.
Осылайша қазақстандық спортшы жарысты үшінші орынмен аяқтады. Бұл Қазақстанның Азиада тарихындағы теннистен жекелей сында алған алғашқы медалі болды.
Юлия Путинцева бұған дейін Қазақстан құрамасының сапында Олимпиада ойындарына қатысып, халықаралық ірі жарыстарда ел намысын қорғап келген.