Белгілі актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім Түркиядағы киноиндустрия саласына бет бұрғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Revue news бағдарламасында айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Өз сұхбатында актер шығармашылық өзгерістерге дайын екендігін айтып, түрік киноәлемін бағындырғысы келетінін жеткізді.
Түркиядан пәтер алдық қой. Сол пәтерді күтіп отырмыз. Осы жылдың аяғында дайын болып қалады. Сол жерге барып, сол ортаға кіру жоспарда бар. Жарты жыл, бір жыл сонда жүріп, Стамбул қаласында кастингке қатысып, бағымды сынап көремін, – дейді Тәуекел Мүсілім.
Айта кетейік, Тәуекел Мүсілім «Любовь всегда в моем сердце», "Брак или брат", «Все из-за мужиков» атты фильмдердегі басты рөлдерді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді.