Бұл туралы newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Ханчжоудағы Азия ойындарында зілтемір көтеруден 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы қола медальді жеңіп алды. Оның екі жаттығу бойынша көрсеткіші - 348 кг.
Бірінші орынды Солтүстік Кореядан келген Ри Чонсон (364 кг) алып, Азия ойындарының рекордын жаңартса, екінші орынды Өзбекстан өкілі Тоштемиров Мұхаммедкодир (351 кг) иеленді. Тағы бір қазақстандық Еламан Сейтқазы төртінші (343 кг) орында.