Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Киім, парфюм қашан? Құдайбергеновтер мейрамхана ашты

Димаш Құдайбергеннің жанұясы Астананың төрінен қазақтың ұлттық және авторлық тағамдары бар мейрамхана ашты.

Киім, парфюм қашан? Құдайбергеновтер мейрамхана ашты
Фото: Д.Құдайбергеннің инстаграм әлеуметтік желісінен

Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желісіне “Daididau” деп аталатын мейрамханасының ашылғанын хабарлады. Аты мен қоса заты да ерекше мейрамхана мәзірінде ұлттық қазақ тағамдары мен авторлық тағамдар бар екен. Сондай-ақ, әсем ән мен сазды әуен мейрамхана қонақтарына арналып жасалған. Танымал әншінің желідегі жанкүйерлері бұл жаңалыққа қуанып, міндетті түрде аталған орынға баратынын жарыса жазуда.

“Dears”-тың, қуанышында шек жоқ. Бұл барлық жанкүйерлердің тамаша кездесу орнына айналар еді. Кішкентай арманымызды орындағандарыңыз үшін рақмет”, - деп әншінің әлеуметтік желідегі тыңдармандары өз алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген өткен жылдың наурыз айында Дубайдан да мейрамхана ашқаны белгілі болған еді.