Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.
Оңғар Әбден өзінің ағасын әлеуметтік желіде құттықтап, жылы лебізін білдірді.
“Қуаныштан жылап отырмын. Сүйінші! Серікзат Дүйсенғазы ағам ұлды болды”, деді ол.
Халыққа танымал талай әннің сөзін жазып, оқырман қауымның жүрегіне жырымен жол тапқан ақын бүгінде өнерлі ұл-қыздың әкесі. Жары Айнұр Тасболатпен бірге отбасы құндылығын арттыруға тырысып келеді.
Бұған дәлел Серікзат Дүйсенғазы жанұясы Астана қаласында өткен “Мерейлі отбасы-2019” байқауында бас жүлдені жеңіп алған.