Өткен айда Жаңатас қаласындағы бір үйде мас күйге түскен әке туған қызына құрметсіздік танытып, былапыт сөздер айтқан. Жағдайға алаңдаған ана полиция шақырып, тәртіп сақшылары оқиға бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеген.
Сотта ер адам өз әрекетін толық мойындап, масаң күйде сөзіне ие болмағаны үшін өкініш білдіріп, қызынан кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап та әкесімен татуласқанын айтып, шағымының жоқ екенін жеткізді.
ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі мұндай әрекеттер үшін ескерту, 20 сағат қоғамдық жұмыс немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамақ түріндегі жазаны қарастырады.
Алайда тараптардың татуласуына байланысты іс ер адам жазаланбады.
Қаулы заңды күшіне енді.