Тараз қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмысымен танысқысы келген Ербол Шырақбайұлы қаладағы 5 аумақтық округін автобуспен аралап қайтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Жаңа әкім қоғамдық көліктегі бұқараның базынасын да құлақ салды. Автобустардың тарлығы мен аздығына шағымданған тұрғынның арызын тыңдап, бұл мәселені шешуді қарастыратынын айтты.
Айта кетейік, Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.
Президент жарлығымен Жамбыл облысы әкімі болып, 2023 жылдың 5 қыркүйегінде тағайындалған еді.