weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 қыркүйек, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында діни ағымның жақтаушылары ұсталды

2021 жылдан бері Халықаралық іздеуде жүрген деструктивті-діни ағымның жақтаушылары құрықталды.

Түркістан облысында діни ағымның жақтаушылары ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген екі шетелдік азаматты ұстады,- деп хабарлайды Newsroom.kz.

Дәлірек айтсақ, тәртіп сақшылары 2 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматын Отырар ауданында ұстады. Ол өз елінде "Ұрлық"  бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.

Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды. 

Айта кетейік, іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұрған көрінеді. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→