Азиадаға қатысып жатқан Моңғолия қазақтарын білеміз бе?

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 19-шы Азиада ойындарында қандастарымыз Моңғолия елінің намысын қорғауда.

Фото: kaznews.mn

 Мәселен, +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Моңғолия қазағы Бекнұр Қали Непал спортшысы Дувади Ашишпен жұдырықтасқан еді, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі kaznews.mn сайтына сілтеме жасап.

Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста Моңғолия намысын қорғап жатқан Бекнұр Қали 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, Моңғолия елі үшін бақ сынасып жатқан қазақ спортшыларының арасында жеңіл атлетикададан 400м және 800м қашықтыққа жүгіру, ерлер арасындағы 4х100 м эстафета бойынша жүгіру сайысына Жандос Нарауұлы, баскетболдан қыздар арасындағы сайыста  Бұлбұл Мұратқызы да бар.

Айта кетейік, бүгінде Моңғолия спортшыларының қоржынында 2 күміс, 4 қола бар.

Жүктелуде...