Бұл жөнінде кулуарда мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Журналист тарапынан өзге мемлекетте петиция жасауға кейбір қызмет санатындағыларға шектеу бары айтылды. «Ал Қазақстанда осы заң бойынша кейбір қызмет санатындағыларға шектеу бола ма?» деген сауалға вице-министр петиция беруге әрбір азамат құқылы екенін тілге тиек етті.
Соның ішінде 18-ге толмаған не болмаса наркодиспансерде тұрмағандар бар. Сіз айтып отырған жеке арнайы қызметкерлер болса, ол жеке арнайы қызметтің жарғысында рұқсат берілсе, онда шектеу болуы әбден мүмкін. Бұл арнайы қызметтердің өздерінің ішкі жарғысымен реттеледі, – деді ол.
Сондай-ақ ол Президент пен екі Парламент палаталары және Үкіметтің құқығына кіретін лауазымдарды тағайындау мен орындардан алу мәселелері қарастырылмайды деп отыр.
Бұдан басқа адамның жеке дерегін шығармау, құқығы мен бостандығына зақым келсе, онда да петиция қарастырылмаған. Тіл мәселесіне келетін болсақ, Конституцияда белгіленген. Тілге петиция жазу бұл Конституцияны бұзу болып табылады. Ол жеке нормативтік құықтық актілермен белгіленеді. Біздің заң Конституциядан төмен, соған байланысты онда берілген құқықтар бұл жерде қарастырылмайды. Тіл мәселесі Конституцияда жеке бап болып беріледі, – деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.