ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Таралған видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында орын алған, қазір онда техника тартылып жатыр.
ІІМ-нің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.
Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.