weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өскеменде ауыр қылмыс жасағандар абақтыда үйленді

Өскемендегі қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде ауыр қылмыс жасап жазасын өтеп жатқан азаматтар абақты ішінде неке қидырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскеменде ауыр қылмыс жасағандар абақтыда үйленді
Фото: KTK

Неке қию рәсіміне сотталушылардың туған-туыстары мен екі жақтың ата-анасы қатысты. Бұл жолы сүйіктілерімен заңды түрде үйленуге темір тордың ар жағындағы үш азамат мүмкіндік алды.  Жазасын өтеушілердің кейбіреуі сүйіктісіне мектеп қабырғасынан ғашық болған. Ол екі жыл бұрын қарақшылық үшін айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Салтанатты шарадан кейін мекеме басшылығы жас жұбайларға жеке кездесуге жағдай жасады.