Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айыптұрақтан көлігін өз бетінше алып кеткен жүргізуші ұсталды


Алматыда жүргізуші бірнеше төленбеген айыппұлы үшін арнайы айыптұраққа қойылған көлігін өз бетінше алып кетіп, кейін полицияға ұсталды. Бұл туралы Newsroom.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айыптұрақтан көлігін өз бетінше алып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: алматы қаласы ПД

Полицияның мәліметінше, көлік көптеген орындалмаған әкімшілік айыппұлға байланысты арнайы тұраққа қойылған. Бірнеше сағаттан кейін көлік иесі құжаттарын алуға келген. Алайда ол көлікке отырып, тұрақ аумағынан өз бетімен шығып кеткен.

Полиция көлікті іздеп, оны Райымбек даңғылы мен Кудерин көшесінің маңынан тауып, бұғаттады. Кейін автомобиль қайтадан арнайы айыптұраққа жеткізілді. 

Жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар айыптұрақтан өз бетінше шығып кеткені бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. 

Полиция көліктің арнайы тұрақта болуы формальды шара емес екенін еске салды. Көлікті тұрақтан рұқсатсыз алып кету құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер