Қазақстандық экипаж академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) жарысының финалында мәреге бірінші болып жетті. Олар басты қарсыластары Қытай құрамасын 2,09 секундқа басып озды.
Осылайша, бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2026-дағы сегізінші алтыны болды. Қазіргі таңда қоржында 8 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар.
Айта кетейік, Яковлев пен Чернухиннің жеңісі Қазақстан үшін академиялық есуден Азия ойындарындағы тарихи алғашқы алтын медаль болды.
Бүгін қазақстандық спортшылар Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге рульшісіз төрттік жарысының А финалында да бақ сынайды.