Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шекарада 9 сағат күткен көлік енді 30 минутта өте алады

Қазақстандағы өткізу бекеттерін жаңғырту нәтижесінде шекарадан өту уақыты айтарлықтай қысқарды. Бұған инфрақұрылымды кеңейту және бақылау процестерін автоматтандыру әсер еткен. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Шекарада 9 сағат күткен көлік енді 30 минутта өте алады
Фото: Baq.kz

Соңғы үш жылда өткізу бекеттерін жаңғыртуға 118,6 млрд теңге бағытталған. Нәтижесінде автомобиль өткізу бекеттерінің жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 2 млн-нан 5 млн көлікке дейін артты. Ал жүк көліктерінің шекарадан өтуінің орташа уақыты 9 сағаттан шамамен 30 минутқа дейін қысқарған. 

Жекелеген бекеттерде қозғалыс жолақтарының саны екіден алтыға дейін көбейтіліп, жүк және жолаушылар көлігінің ағындары бөлінді. Сонымен қатар автоматты салмақтық-габариттік бақылау кешендері, радиациялық бақылау, бейнебақылау және көлікті сәйкестендіру жүйелері орнатылды.

2025 жылы ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль өткізу бекетін жаңғырту аяқталды. Ал биыл қазан айында Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу бекетін жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 

Қазір Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 70 өткізу бекеті жұмыс істейді. Оның 51-і автомобиль, 5-еуі теміржол, 10-ы әуе, 3-еуі теңіз және 1-еуі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағында орналасқан.

Сонымен қатар Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Бұл бағыттағы жаңарту кезең-кезеңімен 2030 жылға дейін жүргізіледі. 

Айта кетейік, 2025 жылы ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы 1,7 млн көлік өткен. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында бұл көрсеткіш шамамен 1,3 млн көлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға артқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер