Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 17:33 / Шұғыла Амангелді / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Заңсыз несие беріп, 579 млн теңге тапқан

Қостанай облысында лицензиясыз несие беру схемасы әшкереленді. Заңсыз микрокредиттік қызметпен айналысқан екі тұрғын 1600-ден астам адамға қарыз берген. Бұл туралы Newsroom.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз несие беріп, 579 млн теңге тапқан
Фото: Ашық деректер көзі

Тергеу мәліметінше, 2024–2025 жылдары күдіктілер төрт компанияның жұмысын ұйымдастырған. Олар негізінен аудан орталықтары мен ауылдарда азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге қою арқылы ақша ұсынған.

Қарыз үшін күн сайын 0,4% мөлшерінде сыйақы алынған. Алайда клиенттермен ресми қарыз шарттары жасалмаған.

Компаниялар мәмілелерді заңды етіп көрсету үшін құжаттарда төлемдерді тауарды сатуды кейінге қалдырғаны немесе оны сақтағаны үшін алынатын комиссия ретінде көрсеткен.

Екі жыл ішінде бұл қызметті 1600-ден астам азамат пайдаланған. Заңсыз кәсіптен түскен табыс 579 млн теңгеден асқан.

Сот екі фигурантты да екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар олардың мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды. Бес пәтер, үш автокөлік және екі жер телімі тәркіленген.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→