Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеге жетті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеге жетті
Фото: istockphoto.com

Министрдің сөзінше, мемлекеттік қарыз көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің 20,9%-ына тең. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік қарызы салыстырмалы түрде төмен елдердің қатарына жатады.

«Кей елдерде бұл көрсеткіш 100%-дан асады. Тіпті 200%-дан жоғары болатын мемлекеттер де бар. Сондықтан біз қанша қарыз алғанымызға, оны қандай шарттармен және кімнен алып жатқанымызға өте мұқият қараймыз», – деді Серік Жұманғарин.

Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңге болған. Ал мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызды, сондай-ақ мемлекет кепілдіктері бойынша берешекті қоса есептегендегі жалпы көлем 40,9 трлн теңгеге жеткен. 

2026 жылға арналған бюджетте Үкіметтің қарызы бойынша белгіленген шекті көлем 39,3 трлн теңге деңгейінде бекітілген. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→